«Бүкіл әлемде әлсіз ұлттық валюта экспортты ынталандырады деген түсінік бар. Бұл ұлттық валютаның бағамы долларға шаққанда төмендеген кезде, бәсекеге қабілеттіліктің артуымен түсіндіріледі. Бұл түзету экспорттың артуына ықпал етуі мүмкін. Мысалы, сарапшылар мен экономистер айтқандай, 2011 жылы Беларусь елінде валюта бағамының төмендеуі экспорттың 14 пайызға өсуіне алып келді. Егер басқа елдердің тәжірибесіне қарайтын болсақ, онда Қытайдың ұлттық валюта бағамын төмендету тетігін жиі қолданатынын байқаймыз. Ресей де жақында ғана өзінің тауар өндірушілерін қолдау мақсатында осындай шара қабылдады», — деді сарапшы.
Оның айтуынша, Қазақстандағы валюталық түзетулер өз жемісін береді деп сенуге де болады.
«Және бұл жерде импортқа тәуелділігі төмен, әрі оқшаулану деңгейі мол кәсіпорындар көп түсім алады», — дейді М. Майкенов.