С. Ахметов Астананың ақша айырбастау пункттері мен сауда орындарын аралап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С. Ахметов Астананың ақша айырбастау пункттері мен сауда орындарын аралап шықты

С. Ахметов Астананың ақша айырбастау пункттері мен сауда орындарын аралап шықты

Бүгін ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов Астананың сауда орындары мен айырбастау пункттері және жанар-жағармай стансаларын аралап шықты, деп хабарлайды primeminister.kz.

  • 12 Ақпан 2014
  • 508
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетейік, кеше Үкімет басшысы селекторлық жиын өткізіп, онда мемлекеттік органдарға бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасын негізсіз көтертпеуге тапсырма берді. Сонымен бірге, Ұлттық банктің шетелдік валютаны сатуға байланысты шешімін қадағалау қажеттілігін атап өтті.

Серік Ахметов «Әлем» базары мен «Алма» сауда орталығына барып, сөредегі тауар түрлерімен және ондағы бағаның жағдайымен танысты.  Сондай-ақ  Премьер-министр бірқатар айырбастау пункттері мен «Nomad oil» жанар-жағармай құю стансасында болды.

Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға «өңірлердің нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп, пайда болған мәселелерді шешуге көп кешікпей әрекет етуді» тапсырды.


«Бұл жұмысты тек облыс орталықтары мен қалаларда ғана емес, сонымен бірге, елді мекендерде де жүргізу керек», — деді С.Ахметов.