ҚМДБ: Мәулітте жетімдерге 1 млн. теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚМДБ: Мәулітте жетімдерге 1 млн. теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілді

ҚМДБ: Мәулітте жетімдерге 1 млн. теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Мәуліт мерекесінде билеттен түскен қаражаттың есебінен жетімдерге 900 мың теңге қайырымдылық көрсетілді, деп хабарлайды muftyat.kz.

  • 12 Ақпан 2014
  • 509
Фото - Caravan.kz


Атап айтар болсақ, «Перзент» жетім балалар үйіне (200 000 теңге), «Кәусар» (200 000 теңге), Алматыдағы жетім балалар үйіне (200 000), Талғар қаласындағы жетім балалар үйіне (200 000 теңге) және Ақмола облысындағы 7 жетімді өз қамқорына алған имамға 100 000 теңге қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді.
Айта кеткен жөн, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жылы еліміздің имам-молдалары үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі — қайырымдылық іс-шараларды жиі ұйымдастыру. Мәуліт мерекесі аясында жасалған қайырымдылық — игі істің бастамасы.