Әлемді таңқалдырған фильм қайта экранға оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемді таңқалдырған фильм қайта экранға оралды

Әлемді таңқалдырған фильм қайта экранға оралды

Робокоп үлкен экранға қайта оралды. 1987 жылы алғаш әлемді таңдай қақтырған туынды ертеңнен бастап жаңа нұсқада еліміздің кинотеатрларында көрсетілмек. Ал жабық премьерасына қатысқан көрермен Робокоп 80-ші жылдардағы шымырлығын жоғалтпаған миллиондарды таңдай қақтырар фильм екенін жарыса айтты. Әлемдегі киносүйер қауымға 2010 жылы жол тартуы керек боп, бірнеше мәрте кейінге шегерілген туындыны қазақстандықтар назарына ұсынып отырған «Меломан» компаниясы екенін айта кетейік.

  • 13 Ақпан 2014
  • 256
Фото - Caravan.kz

80ші жылдары төрткүл дүниені дүркіреткен, қиындық атаулыдан тайсалмайтын Робокоптың көгілдір экранға қайта жол тартуын көрермен асыға күткен-ді. Батырлық, ер жүректіктің символына айналған Робопкоптың жаңа нұсқасын түсіру туралы 2008 жылы шешім қабылданып, екі жылдан кейін премьерасы болады делінген. Бірақ киноиндустрияның сан қырлы қияметтері бұл фильмнің түсірілімін 2012 жылдың қыркүйегінде бастауға мүмкіндік берді. Құны 100 миллион доллар. Нәтижесі көз алдында кино сүйер көрерменнің.  

Оқиға 2028 жылды суреттейді. ОмниКорп ұжымы робот жасаудан үздіктердің көшбасына шығады. Аталмыш компанияның тың жобаларына сүйенген Америка жауларын жеңіл жеңіп отырады. Бірақ қу темірлерге жан бітіру туралы нұсқау жетеді. Алекс Мерфи Детройттың тыныштығын күзеткен тәртіп сақшысы қызмет бабында жүріп ауыр жарақат алады. Тек робот жасаудан алдына жан салмайтын ұжым ғана оны құтқарып қалды. Сөйтіп Алекс темір сауытқа енгізілеіп, туған қаласына қызметке оралады.


Мұрат Мұтырғанов:

-Робокоптың алғашқы фильмін бала кезімде көрдім, сондықтан ол кездегі сезімім ерекше еді. Әрине мен үшін алғашқы нұсқасы үздік болып қала береді. Бірақ бұл жолғы Робокопта әдемі түсірілген, отбасы болып көруге тұрарлық туынды.

Режиссер Жозе Падилья түсірген тың туынды елімізде ертең көрсетіле бастайды. Өз өзін ақтайды деп сенім білдірілген Робокоп бүгінгі күнге дейін әлем бойынша 30 миллион долларға жуық касса жинаған. Айта кетсек, фильмді Қазақстанның үлкен экрандарына шығаруға мұрындық болған «Дисней», «Сони» және «Базелевс» киностудияларының ресми таратушысы Меломан компаниясы.