Әріптестері шаң жуытпаған теміртаулық прокурор қызметінен қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әріптестері шаң жуытпаған теміртаулық прокурор қызметінен қуылды

Әріптестері шаң жуытпаған теміртаулық прокурор қызметінен қуылды

Дәл жаңа жыл түні кісі қағып өлтірген Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі жұмыстан қуылды. 40 күн қабырғасымен кеңескен облыстық прокуратураның тәртіптік кеңесі құзырлы органның атына кір келтірген қызметкерді ақыры қатардан кетсін деп шешіпті.

  • 13 Ақпан 2014
  • 352
Фото - Caravan.kz


Қаныш Мамалинов қаңтардың бірі күні таңға жуық 31 жастағы жігітті қағып, мерт қылған болатын. Алғашында оны әріптестері ақтап алуға тырысқан. Кейін прокурордың жылдамдықты асырғаны анықталып, көліктің техникалық байқаудан өткені де өтірік болып шықты. Бірақ, мұндай қылмыс жасағандарды түтіп жейтіндер тергеу кезінде тайраңдап жүрген прокурордың қолына сол күйі кісен салған жоқ. Марқұмның туыстарымен мәмілеге келген ол жазадан жеңіл құтылып кетіпті. Айта кетсек, Қаныш Мамалинов Қарағанды облыстық экология басқармасының бастығы Шагурашид Мамалиновтың ұлы.