Баға саясатына байланысты жағдай басты назарда - Б.Әбдішев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баға саясатына байланысты жағдай басты назарда - Б.Әбдішев

Баға саясатына байланысты жағдай басты назарда - Б.Әбдішев

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішевтің төрағалығымен өңірдегі баға тұрақтылығын бақылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің сайты.

  • 13 Ақпан 2014
  • 468
Фото - Caravan.kz

Жиында аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне, мемлекеттік мекеме басшыларына бағаға қатысты тиісті сараптама жасауды, жетекші азық-түлік кәсіпорындарының жұмыстарын бақылауға алуды, сондай-ақ  ірі сауда нүктелері мен көтерме сауда орындарының жұмыстарын қатаң қадағалауды тапсырды. Бұған қоса, алыпсатарлыққа тосқауыл қою үшін барлық заңды әрекеттерді қолдану және тиісті шараларды қабылдау керектігін баса айтты.

Баға саясатын бақылау мақсатында қаладағы сауда нүктелеріне әкімдік аппаратының қызметкерлері және мемлекеттік мекемелердің өкілдері жібірілді. Облыс әкімі және оның орынбасарлары ірі сауда нүктелері мен көтерме сауда орындарының басшыларымен, тауарлармен және дәрі-дәрмек өнімдерін қамтамасыз етушілермен, жанар-жағармай жеткізушілерімен келіссөздер жүргізді.

«Баға саясатына байланысты жағдай — облыс әкімінің басты назарында», — деген әкім бағаға байланысты атқарылған жұмыс туралы күнделікті үш рет есеп тыңдалатынын айтты.


Бүгінде облыстағы көтерме сауда орындарының қоймаларында өнім қоры жеткілікті (10 күннен 1 айға дейін).
Өңір басшысы бағаны күнделікті бақылау, кәсіпкерлер мен жұртшылық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, күн сайын ауыл-шаруашылық жәрмеңкелерін өткізу, екінші деңгейлі банктермен, ірі айырбастау бекеттерімен және жанар-жағармай стансаларымен жұмыс істеу бойынша нақты міндеттерді жүктеді.