Шымкентте 3 келіге жуық контрабандалық алтын табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте 3 келіге жуық контрабандалық алтын табылды

Шымкентте 3 келіге жуық контрабандалық алтын табылды

ОҚО-ның кеденшілері Шымкент әуежайында 3 келіге жуық алтын бұйымдарын заңсыз алып өтпек болған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.

  • 13 Ақпан 2014
  • 426
Фото - Caravan.kz

2013 жылдың желтоқсанында ОҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті шекара қызметкерлерімен бірлесіп «Әуежай — Шымкент» кедендік бекетіндегі тексеріс кезінде қомақты көлемде алтын бұйымдарын алып өтпек болған азаматты анықтады.  № VSV — 488  «Ыстамбұл-Шымкент» бағытындағы  әуерейсімен келген Қазақстан Республикасының азаматы алып өтпек болған бағалы бұйымдардың салмағы 2 келі 898 граммды құрады. Оны арнайы жабдықпен тінту кезінде декларациядан өтпегені және кедендік бақылаудан жасырылған 507 дана алтын әшекей бұйым бары анықталды.

ОҚО бойынша ҚБД Кедендік кіріс басқармасының 4 ақпандағы мәліметіне сәйкес, бұйымдардың жалпы  құны 109 614 АҚШ долларын құрады. Кедендік төлемдер мен жиындар 5 458 785 теңгені құрады.    


«Ағымдағы жылдың ақпанында департаменттің контрабандалық қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 209 бабының 2 тармағы бойынша (экономикалық контрабанда)  қылмыстық іс қозғады» делінген хабарламада