Алматы облысында 300-ден астам улы жыланды асыраған азамат ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында 300-ден астам улы жыланды асыраған азамат ұсталды

Алматы облысында 300-ден астам улы жыланды асыраған азамат ұсталды

Алматы облысында 300-ден астам улы  жыланды асырған азамат ұсталды. Облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері анықтағандай, Қарасай ауданына қарасты Береке ауылының 24 жастағы тұрғыны С.Рахматулла  жыланды уын алу үшін асыраған. 

  • 13 Ақпан 2014
  • 682
Фото - Caravan.kz

Полицияға ерекше «бизнес» иесі туралы оның асыранды жыландарынан зәрезап болған ауыл тұрғындары хабарлаған екен. Алматы облысының прокуратурасы хабарлағандай, «MDCN» ЖШС шаруа қожалығының ауқымды жер телімдерінің бірінен полиция қызметкерлері 300 қарасұр жылан мен 10 ортаазиялық әбжылан тапқан. Қожалықтың келесі бір қоймасынан уға толтырылған шыны ыдыстарды тапқан. Табылған заттар сараптамаға жіберілген.

Қарасұр жылан мен ортаазиялық әбжылан ресми түрде Қазақстанның рептилия фаунасының тізіміне енгізілмеген. Олар Қазақстанның сиреп және жойылып бара жатқан жануарларының арасында да жоқ. Соған қарамастан, жоғарыда көрсетілген факті бойынша қосымша тергеу жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша шешім қабылданады, деп нақтылады қадағалау органында.

Әзірге полицейлер шаруаның не үшін жылан ұясын ұстағанын анықтап, оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің қандай бабы бойынша қылмыстық іс қозғарын білмей бас қатыруда.


Тоқтала кететіні, елімізде қарасұр жылан мекендемейді. Оны контрабандалық жолмен Түркіменстаннан әкеледі. Ал ортаазиялық әбжыланды ТМД аумағынан кездестіру мүмкін емес. Яғни, бұл да ел аумағына заңсыз жолмен әкелінген болуы мүмкін.

Жалпы, аталған қос жыланның уы адам үшін қауіпті. Десе де, оны түрлі дәрі-дәрмек препараттарын жасауда қолданады. Сонымен бірге, оны синтетикалық есірткі өндіруде пайдаланады.