«Доктор Хаус» сериалының арқасында адам өмірі құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Доктор Хаус» сериалының арқасында адам өмірі құтқарылды

«Доктор Хаус» сериалының арқасында адам өмірі құтқарылды

Дәрігерлер «Доктор Хаус» сериалындағы оқиғаның желісі бойынша науқасты емдеп, тіпті оның өмірін құтқарды, деп хабарлайды EuroNews.

  • 14 Ақпан 2014
  • 475
Фото - Caravan.kz

2010 жылы неміс азаматының жамбас буынының керамикалық эндопротезін жаңадан жасалған темір протезге ауыстырған. Көп уақыт өтпей әлгі науқастың денсаулығы сыр бере бастады. Есту және көру қабылеті нашарлап, жүрек жетіспеушілігі пайда болған. Бір жылдам астам уақыт бойы ақ халаттылар аурудың себебін анықтай алмағандықтан, науқас көмек сұрап Марбург университеті клиникасының мамандарына барған.

Науқасты тексеру кезінде дәрігерлер ондағы аурудың «Доктор Хаус» сериалындағы оқиғаға ұқсастығын байқаған. Сериалда дәрігер Грегори Хаус (Хью Лори)  науқас адамаға жамбас буынының темір эндопротезінің салдарынан кобальтпен уланды деген диагноз қояды. Марбургтық мамандар осы диагнозды қойып, темір протезді керамикалық протезге ауыстырған соң, оның жүрегінің жұмысы қалпына келген. Тіпті, бір жылдам астам уақыт бойы мазалаған басқа аурулар да өздігінен сейілген.

Еске сала кетсек, «Доктор Хаус» — Грегори Хаус бастаған түрлі медициналық жағдайды бастан өткізіп, сан түрлі қиын мәселелерді дер кезінде шеше білетін дәрігерлік топ туралы туынды. Сериалдың сценарийін жазуға ондаған дәрігер-кеңесші мамандар шақырылды. Оқиға желісінің сенімді болуына өмірде болған нақты жағдайлар әсер еткен.