Бурабай ауданында Бурабай-Жамантұз стансасының 247 шақырымындағы жол торабында бүгін түн ауғанда 00.35-те Екібастұз стансасы — Зауралье стансасы бағытындағы №1683 жүк пойызының көмір тиелген вагондарының бірі жол бойынан шығып кетті. 07.00 кезіндегі жағдай бойынша «Павлодар-Пресногорьковское» бағытындағы №339 пойыз жеті сағатқа, «Астана-Петропавл-Қызылту» бағытындағы №623 пойыз алты сағатқа тоқтатылды.
Төтенше жағдайды жоюға бір қалпына келтіруші пойыз, «ҚТЖ» ҰК АҚ Көкшетау стансасының 70 қызметкері мен Бурабай ауданының ТЖБ жұмылдырылды.