Экономика министрі: Қазақстанда ІІӨ өсімі 2014 жылы бұрын болжанған 6% деңгейде қалады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрі: Қазақстанда ІІӨ өсімі 2014 жылы бұрын болжанған 6% деңгейде қалады

Экономика министрі: Қазақстанда ІІӨ өсімі 2014 жылы бұрын болжанған 6% деңгейде қалады

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) шынайы өсімі бұрын болжанған 6% деңгейде қалатынын мәлімдеді.

  • 14 Ақпан 2014
  • 758
Фото - Caravan.kz

«Теңге бағамының түзетілуін ескере отырып келесі жылғы ІЖӨ өсімінің негізгі өлшемдері қайта қаралды. ІЖӨ шынайы өсімі бұрын болжанған 6% деңгейде қалмақ. 2014 жылы номиналды ІЖӨ мөлшері жоспарланған 6,5 пайыздық деңгейге артып, 41,1 трлн теңгені құрайды», — деп ол бүгін Астанада президенттің қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында атап көрсетті.

2012 жылғы 5%-бен салыстырғанда 2013 жылы ІЖӨ 6%-ға өсті.


Президент халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауында республиканың ІЖӨ өсімі 2014 жылдың қорытындысы бойынша 6-7% пайызды құрауы тиіс екенін мәлімдеді.