15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін - Н.Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін - Н.Назарбаев

15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін - Н.Назарбаев

15 наурызға дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін, деді Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

  • 14 Ақпан 2014
  • 521
Фото - Caravan.kz


«Ортамерзімді перспективада инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендету үшін ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Ұлттық банк инфляциялық шектеу режіміне көшу ұсынысын енгізсін. Сондай-ақ мұндай саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банкке Үкіметпен бірлесіп, реттелетін баға мен тариф саласындағы саясатты анықтау бойынша кешенді шараларды әзірлеуді тапсырамын. Бұл түсінікті ме? Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталуы тиіс», — деді Н.Назарбаев.