Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заң бұзушылар тастап кеткен автокөліктер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заң бұзушылар тастап кеткен автокөліктер табылды

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында заң бұзушылар тастап кеткен автокөліктер табылды

Тараз шекара жасағының «Гранитогорск» шекара бекетінің жасағы кезекшілік кезінде иесіз қалған екі автокөлікті тауып алған. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Ақпан 2014
  • 483
Фото - Caravan.kz

Mercedes-Benz  және Range Rover машиналары Қазақстаннан Қырғызстанға машина айдау кезінде табылған. Экономикалық контрабанданы жүзеге асырған белгісіз біреулер шекарадағы жасақты байқап қалып, автокөліктерін тастап, іргелес ел аумағына жасырынып қалған.

Тексеру барысында мемлекеттік шекараны бұзу белгілері — инженерлік қоршаудың механикалық зақымдалғаны анықталды.


Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарына хабар берілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.