«Қазақмыс» қызметкерлерінің жалақысы өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақмыс» қызметкерлерінің жалақысы өседі

«Қазақмыс» қызметкерлерінің жалақысы өседі

«Қазақмыс» компаниясы 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақыларын 10 пайызға өсіреді. 2014 жылғы 14 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуіне орай осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды аталмыш кәсіпорынның баспасөз қызметінен. 

  • 17 Ақпан 2014
  • 533
Фото - Caravan.kz


«Қазақмыс» соңғы жылдары өз қызметкерлерінің еңбекақыларын өсірген осы саладағы санаулы компаниялардың бірі. Мәселен, 2012 жылы жұмысшылардың еңбекақысы орта есеппен 30 пайызға өсірілген. Сөйтіп, компания өндірісшілерінің еңбекақы деңгейі осы сала бойынша ең жоғары болып отыр. 

«Теңге бағамының өзгеруі біздің қызметкерлеріміздің де алаңдаушылығын тудырды. Біз қабылданған шешім олардың отбасыларына демеу болады деп сенеміз. Қазақстандағы кәсіпорындарымызда шамамен 55 000 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі тікелей өндірісте еңбек етеді. Компания қашан да өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлері үшін әділ жалақы төлеу саясатын ұстанады», — деп мәлімдеді «Қазақмыс» тобының басқарушы директоры Олег Новачук.