Былтыр Қазақстан халқының саны 253 мың 300 адамға көбейді – статистика - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр Қазақстан халқының саны 253 мың 300 адамға көбейді – статистика

Былтыр Қазақстан халқының саны 253 мың 300 адамға көбейді – статистика

2013 жылы Қазақстан халқының саны 253 мың 300 адамға көбейді. Биылғы жылдың басында республика халқының саны 17 млн 165 мың 200-ге жетті.

  • 17 Ақпан 2014
  • 607
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылы желтоқсан айында табиғи өсім 19 мың 327 адамды құрады.

Өзге сипаттамалар бойынша: туылған бала саны – 30 мың 276 адам, өлім-жітім – 10 мың 949 адам.

Агенттік мәліметінше, былтыр желтоқсан айында 13 мың 162 неке, жалпы 2013 жылы 168 мың 447 неке қиылған. Жыл бойы 51 мың 482 отбасы ажырасқан.

Өткен жылы елімізге 24 мың 405 адам көшіп келсе, 24 мың 77 адам Қазақстаннан басқа жерге қоныс аударған.