Ағайынды Ықылас пен Ілияс Ақылбектер ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Телікөл қөліне балық аулауға кетіп, одан қайтып оралмаған. Ал олардың жоғалғандығы туралы ақпарат департаментке тек 13 ақпанда хабар түскен.
Осы оқиғаға байланысты құтқарушылар жоғалған азаматтардың отбасыларымен берге олар балық аулауға барған көлден бастап Қызылорда-Жезқазған бағытындағы тас жолдың 84 шақырымында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Әзірге ол жұмыс нәтиже бермей отыр.