Денис Тенннің жеңісті жолы кімге бұйырады? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денис Тенннің жеңісті жолы кімге бұйырады?

Денис Тенннің жеңісті жолы кімге бұйырады?

Сочидегі Денис Теннің қоласынан басқа, қазақстандық спортшылар медальға жақындай алар емес. Кезекті жарыс күні біздің спортшылар көңіл көншітетіндей  нәтиже көрсеткен жоқ.

  • 18 Ақпан 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz

Тау шаңғы спортында сынға түскен үш қазақстандық та сәтсіз өнер көрсетті. Бұл сында біздің спортшылар арасында ең жоғарғы нәтиже Дмитрий Кошкинге тиесілі. Ол 30-шы уақыт көрсетті. Ал Игорь Закурдаев 44-ші орынға табан тіреді. Ал әйелдер арасында 1500 метрге конькимен жүгіруде ел намысын Екетерина Айдова қорғаған болатын. Алайда жерлесіміз тек 28-ші орын алды. Бүгінгі Олимпиада бағдарламасында 7 медаль жиынтығы сарапқа салынады.  

 

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 12-ші турының орталық матчында алматының “Қайраты” өз алаңында қарағандылық “Тұлпарды” қабылдады.Алматылықтар сапында Алешандре есеп ашқан.

Алайда қарап қалмаған қарағандылықтар таразы басын теңестіріп кетті. Үзілістен кейін көсіле ойнаған қонақтар Шыңғыс Есенамановтың көмегімен алға шықты. Көп ұзамай “Тұлпар” ойыншысы Талес есепті 3:1 ге жеткізді. Осыдан кейін алаңға қақпашының орнына  5-ші ойыншыны шығарған Какау оң нәтиже күткен. Бірақ “Қайрат” қақпасына төртінші доп кірді. Шарасыз қалған алматылықтар бес минут ішінде нағыз шеберлік көрсетті. Қалған уақытта жинақы ойнаған “Қайрат” матч соңына дейін таразы басын теңестірді. Қортынды есеп 4:4.     

  


Футболдан Испания чемпионатында шиелініс жоғарылай түсті. 24-ші турда ұпай жоғалтпаған лидерлер өз матчтарын жеңіспен аяқтады. “Атлетико” “Вальядолидты” 3:0 есебімен ұтса, “Барселона” “Райо-Вальеканоны” 6:0 есебімен ойсыратты.

Ал осы турда сырт алаңда “Хетафемен” кездескен мадридттық “Реалда” кезекті үш ұпайды қоржынға басты. Матчты ширақ бастаған Карло Анчелотти шәкірттері не бары 5-ші минутта есеп ашты. Гол авторы Хесе. Бірінші таймның соңына дейін “корольдік клуб” есепті еселеді. Бұл жолы көзге түскен Карим Бензема болатын. Осыдан кейін ойын тізгінін уысында ұстаған қонақтар үзілістен кейін тағы бір гол тоғытты. Айып алаң сыртынан соққы жасаған Лука Модрич. Қортынды есеп 3:0 “Реалдың” пайдасында.