Қақаған қыста лимон мен банан өсіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қақаған қыста лимон мен банан өсіріліп жатыр

Қақаған қыста лимон мен банан өсіріліп жатыр

Өскеменнің іргесінде лимон, мандарин, банан, тіпті кофеге дейін өседі. Қақаған қыста бұл экзотикалық өсімдіктер жер астында 3 метр тереңдікте гүлдеп тұр. Жылыжайдың иесі де кәнігі бағбан емес, қарапайым зейнеткер. Қолға алған шаруасын дөңгелету үшін Людьмила Земляная Украинаға барып, жер асты жылыжайларының технологиясын үйреніп қайтыпты.

  • 18 Ақпан 2014
  • 311
Фото - Caravan.kz

Бәрі 5 жыл бұрын басталған. Зейнектерлікке шыққан Людьмила Земляная алдымен қарапайым гүлдердің сан түрін өсірумен айналысыпты. Кейін экзотикалық жемістерді өсіруге бел буған.

Сыртта сақылдаған сары аяз, ал мына жылыжайдың ішінде тура тропикалық орманға тап болғандайсың. Қазір мұнда ауа температурасы жиырма градус жылылықты көрсетіп тұр. Экзотикалық өсімдіктердің сан түрі көздің жауын алады. Мәселен мынау мирт ағашы. Голландияда оны жас жұбайлардың үйлену тойына сыйлайтын дәстүр бар.

Жылыжайдағы ең үлкен аумақты лимон ағаштары алып жатыр. Ондағы жемістің біреуінің ғана салмағы 600 граммға дейін жетеді екен. Лимонның киевтік деп аталатын бұл сорты жыл бойы өнім береді.

Людмила Земляная, жылыжай иесі:

— Қай өсімдікті өсіру үшін көп еңбек етіп, тер төгуің қажет. Ал менің жылыжайымды жан дүниемнің жылыжайы деуге болады. Немерелерім аздап тұмауратып қалса осында алып келем. Бірден жазылып шыға келеді. 

Жалпы аумағы мың шаршы метрге жететін жылыжайды жылыту үшін зейнеткер аптасына жеті тонна көмір жағады екен. 


Людмила Земляная, жылыжай иесі:

-Зәйтүн ағашы мың жыл бойы өседі екен. Ал гүлдеуі жиырма жылда бір келеді. Менің жылыжайымдағы климаттық жағдай жаққаннан болар, міне аяқ астынан жас зәйтүн гүлдеп шыға келді. 

Экзотикалық өсімдіктердің гүлдеп келе жатқан шағын көру үшін мұнда қызықтап, бас сұғып жатқандар көп. Людьмила, алдағы уақытта жылыжайда тибеттік бөріқарақат пен гаджи жидектерін өсірсем деп армандайды. Ал жылыжайды тек ақша табу үшін ұстағысы келмейді. Әйтпесе ішін қияр мен қызанаққа толтырып тастар едік дейді.