Баланың сау мүшесіне операция жасаған дәрігерлердің қателігі жаға ұстатты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баланың сау мүшесіне операция жасаған дәрігерлердің қателігі жаға ұстатты

Баланың сау мүшесіне операция жасаған дәрігерлердің қателігі жаға ұстатты

Петропавлдық дәрігерлер ауру аяқты сауымен шатастырды. Олар сіңірі тартылып, ем қабылдауға келген 10 жасар қыздың сау мүшесіне операция жасаған. Мұны дәрігерлердің «салғырттығы» деп айыптаған анасы қазір 2 миллион теңге өтемақы талап етіп отыр. Ал аурухана қызметкерлерінің бұған айтар өз уәжі бар.

  • 18 Ақпан 2014
  • 669
Фото - Caravan.kz

Дамира Ескендірованың былтыр күзден бері оң аяғының сіңірі тартылып, саусақтары жазылмай қалған. Облыстық балалар ауруханасында  дәрігерлері оған бірден операция жасапты. Қызын ауруханадан шығарып алуға келген анасы баласының аяғын көріп, есінен тана жаздаған.      

Айнагүл Рәзиева, Дамираның анасы:

-Қызымды ауруханадан шығарып аларда оның сол аяғының етігін алып келдім. Оң аяғы гипсте ғой деп ойладым. Мына жерге отырғызып қызымды киіндірейін десем, баламның сол аяғы гипсте болып шықты. Түк түсінбей, аңырап  қалдым.Анасының айтуынша, дәрігерлер операция жасағанда қызының аяқтарын шатастырып алған. Алайда ақ халаттылардың да бұған айтар өз уәжі бар.  

Олег Завьялов, СҚО балалар ауруханасының бас дәрігері:

-Ауруханада жасалған зерттеулер қыздың екінші аяғының да сіңірінің тартыла бастағанын көрсетті. Ал әлемдік тәжірибе  бойынша операция алдымен ауруы асқынбаған аяққа жасалады. Сондықтан емдеуші дәрігер алдымен сол аяққа ота «жасау керек» деп шешкен. Бұл жайында ол қыздың анасын ескерттім деген түсініктеме жазып берді.  

Алайда анасы дәрігердің өзімен кеңеспегенін айтып отыр. Кейінірек қатесін мойындаған хирург шу шығармаңдар деп 500 мың теңге өтемақы төлеуге ауызша келісіпті. Бірақ артынша сол дәрігердің өзі қатерлі ісікке шалдығып, ақша төлеуден бас тартқан.


-Қазір Дамираның анасы дәрігерлерден 2 миллион теңге моральдық шығын талап етіп отыр. Төрт баланың анасы бұл қаржыға қызын шетелде емдетпекші. Алайда, барлық ем шара жоспарын астаналық травмотологтарға мақұлдаттық деген дәрігерлер сотта өз шындығын дәлелдеп жатыр.   

Қазір Дамира екі аяғына да ем қабылдап жүр. Оның операция жасалған аяғы толығымен сауығып кетпейінше, екіншісі емделмейді екен.

Дамира Ескендірова:

-Ауырады.  Сүйектері ауырады, сіңірі тарталады. Кешке қарай. Жүргенде ауырады.

-қайсысы , оң ба,  сол ма?

-оңы да  солы да  

Дәрігерлердің айтуынша, Дамираның сырқаты тым ұзақ емді қажет етеді. Ауруханадан шыққан соң ол енді сабағын үйде жалғастыратын болады.