Мүсілім Оңдағанов ұзақ мерзімге сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүсілім Оңдағанов ұзақ мерзімге сотталды

Мүсілім Оңдағанов ұзақ мерзімге сотталды

Ал Оралда спорт саласына бөлінген қаржыны миллиондап қымқырған шенеушік жазадан бұлай оңай сытылған жоқ. Бүгін сот Мүслім Оңдағановқа 12жыл кесті. Батыс Қазақстан облысының спорт басқармасына жетекшілік еткен оған «200 млн теңге жымқырды» деген айып тағылған-ды. Экс-бастықпен бірге сондай-ақ олимпиадалық резерв орталығының директоры бар тағы бірнеше шенеунікке де үкім шықты.  

  • 18 Ақпан 2014
  • 474
Фото - Caravan.kz

Мүсілім Оңдағановтың былығы былтыр сәуірде әшкере болды. Тергеу мәліметінше, шенеунік сыбайластарымен бірге 200 млн теңгені жеке пайдаларына жаратқан. Яғни, 9 жыл креслосында отырғанында тұста түрлі сайыстарға деп бөлінген мемлекет ақшасына шетелдерде шалқып демалған. Бірақ «көп асқанға-бір тосқан»! Ауызын айға білеген бастық енді ұзақ мерзімге абақтыға жабылды.

— Оңдағанов 12 жылға бас бостандығынан айрылсын. Дүние-мүлкі тәркіленсін. Сондай-ақ, мемлекеттік органда қызмет етуіне 45 жылға дейін тиым салынсын.

Оралдық бас спортшымен бірге темір торға олимпиадалық резерв орталығының директоры — Қоныс Жетпісов пен өңірлік туризм мен спорт басқармасының бөлім жетекшісі — Тұрарбек Бекарыстановқа 8 жылдан берсе,  спорт мектебінің директоры — Меңдіхан Жакенов 11 жыл сотталды. Тек түрмеге «түстім» деп түнеріп отырған ешқайсы жоқ.

Үкімге сотталушының жақындары да қарсылық білдіріп отыр. Айтуларынша, Оңдағанов ондай оңбағандыққа ешқашан барған емес.

Абзал Құспан, М.Оңдағановтың адвокаты:


-Тағылған айыптармен толықтай келіспейміз. Өздеріңіз естідіңіздер, үкімнің қарары ғана оқылды. Қолымызға үкім түскен соң апелляциялық шағым түсіретінімізді қазірден-ақ мәлімдей аламын.

Батыс Қазақстан облысының спорт саласын тізгіндеген азамат есімін бұған дейін өзі туралы мадақ фильм шығарумен танылған еді. Бұл – ғаламтор бетін жайлаған «Сөзі мен ісіне адал, 45» деп аталатын, шамамен 100 мың долларға түсірілген фильм. Онда Мүслім Оңдағанов 90-шы жылдары ресейлік рэкетирлермен қалай күрескенін, билік басына барған соң олимпиада жеңімпаздарына қалай демеу көрсеткенін мақтанышпен баян етеді.

— Дүниеге бала келген кезде маңдайына не жазды, сол болады дейді ғой. Мен мысалы көп нәрселерді, біліп істегенім бар, білмей істегенім бар. Мен соны құдайдың өзі келтіреді деп ойлаймын!

Мүслім Оңдағанов сұғанақтығы үшін сотталып қана қоймай, енді жегенін де қазынаға қайтаруы тиіс. Мәселен, меншігіндегі су жаңа яхтасы мен қарда жүйткитін мына көлігі , жеке мүлкі түгел мемлекетке өтеді.