«Бұл Женевада сириялық қатығысты реттеу жөніндегі келіссөздер үрдісін толықтыратын маңызды қадам», дейді еуропалық дипломатия басшысы Кэтрин Эштон.
Құжатта бұл қаражаттың химиялық заттарды тасымалдау, кемелерге тиеу және жоюға жұмсалатыны айтылған. Жоюды Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым мен БҰҰ бақылайды.
Еурокомиссияның даму мәселелері жөніндегі мүшесі Андрис Пиебалгс Сирияны химиялық қарусыздандыру үрдісі зимиялық заттарды жою тарихындағы ауқымдылығы жағынан теңдессіз бағдарлама екенін айтады.