«Нұр Отан» партиясының өкілдері бағаға байланысты рейд жүргізуде - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр Отан» партиясының өкілдері бағаға байланысты рейд жүргізуде - БҚО

«Нұр Отан» партиясының өкілдері бағаға байланысты рейд жүргізуде - БҚО

Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиев теңгенің бағамындағы өзгерістерге байланысты Тайпақ ауылындағы бірқатар сауда орындарын аралад

  • 18 Ақпан 2014
  • 490
Фото - Caravan.kz

Өңірде орынсыз қымбаттаушылық байқалмады. Тек картоп 110 теңгеден 140 теңгеге, жанармай бағасы 114 теңгеден 116 теңгеге өскен.

Аудан басшысы активпен жүздесуде түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін, яғни, халық күнделікті тұтынатын тауарлар құнының қисынсыз қымбаттатылмауын ұғындыруды қаперге салды. Осы шақта тұрғындарды ақшаға құнығуға қарсы азаматтық ожданға шақыру қажеттігін атады. «Керуен», «Нұржан-ай», «Мерей» сауда орындары бірқалыпты жұмыс тірлігіне беріліп, тұтынушыларға барынша мәдениетті қызмет көрсетуде. «Талап» дәріханасында фармацепт Әлия Шадыманова дәрі-дәрмекке ешқандай үстеме баға қосылмағанын баяндады.


Сауда орындарындағы бағаға қатысты бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері Чапаев аудан орталығында рейд жүргізуде.