Қазақстан астық экспортына шектеу қоймайды - АШМ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан астық экспортына шектеу қоймайды - АШМ

Қазақстан астық экспортына шектеу қоймайды - АШМ

Қазақстан астық экспортына шектеу қоймайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

  • 18 Ақпан 2014
  • 347
Фото - Caravan.kz

«Міне, 6 жыл болды, Қазақстан астық экспортына шектеу қойған емес. Бұдан ары да біз осы ұстанымда болмақпыз. Ешқандай шектеу болмайды. Бізде экспорттық сұраныс пен ішкі қажеттілікті толығымен өтеуге жеткілікті қор бар», — деді А.Мамытбеков.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы елімізде таза салмақта шамамен 19 млн. тонна астық бастырылған болатын. Оның 9 млн-ға жуығын экспортқа шығару көзделуде. Бұл өткен маркетинг жылымен салыстырғанда 1,9 млн. тоннаға артық.