ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаев ЕЭК отырысына қатысу үшін Минскіге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаев ЕЭК отырысына қатысу үшін Минскіге келді

ҚР бірінші вице-премьері Б.Сағынтаев ЕЭК отырысына қатысу үшін Минскіге келді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған үкімет делегациясы Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатысу үшін Минскіге келді, деп хабарлады Үкімет басшысының www.primeminister.kz ресми сайт

  • 18 Ақпан 2014
  • 348
Фото - Caravan.kz


18-19 ақпан аралығында өтетін ЕЭК кеңесінде Еуразия экономикалық одағы туралы келісімшарт жобасымен жұмыстар жүргізу барысы туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда. 

Сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың басқа да өзекті мәселелері қаралатын болады. Атап айтқанда, комиссия мүшелері сауда саясаты, техникалық реттеу, өнеркәсіп және АӨК, табиғи монополиялар, көлік, коммуникациялар және басқа да мәселелерді талқылайды.