Депутат Назарбаева қазақстандық инновацияларды белсенді ілгерілетуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Депутат Назарбаева қазақстандық инновацияларды белсенді ілгерілетуді ұсынды

Депутат Назарбаева қазақстандық инновацияларды белсенді ілгерілетуді ұсынды

Қазақстанға инновацияны әйгілендіріп, ілгерілетумен белсенді түрде айналысу қажет, дейді мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитет төрайымы Дариға Назарбаев

  • 18 Ақпан 2014
  • 523
Фото - Caravan.kz

«Өте маңызды мәселе: технопарктер идеясын әйгілендіру, біздің өнертапқыштардың ойлап тапқандарын әйгілендіру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жоқ, біздің инноваторларға, өнертабыстарымызға, олар қалай пайдаланылғаны туралы эфирден бірде бір бағдарлама көрмедім», — деп Д.Назарбаева бүгін мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитеттің Қазақстанда технопарктерді дамыту мәселелері жөніндегі отырысы барысында атап көрсетті.


«Мемлекет қамтамасыз ететін бүкіл бір арна бар, ол «Білім» арнасы. Неге осы анрамен бірше тізбелік бағдарлама жасамасқа? Арнайы журналдар қайда, бұл өнертабыстар туралы қай жерде жазылып жатыр? Кәсіпкерлер жоқ ақпаратты қайдан алады? Арнайы сайт болуы тиіс, сонда сіздерге осы өнертабыстармен әлемдік нарыққа шығып, инвестор табу жеңіл болады», — дейді ол.