Сочиден соңғы жаңалық - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сочиден соңғы жаңалық

Сочиден соңғы жаңалық

Сочидегі Олимпиаданың 10-шы күні 5 медаль жиынтығы өз иелерін тапты. Бұл күні Қазақстандық спортшылар тек шаңғы акрабатикасынан сынға түскен болатын. Алайда жерлестеріміз Бағлан Іңкәрбек пен Сергей Берестовский финалдық бәсекеге өте алмады.

  • 19 Ақпан 2014
  • 315
Фото - Caravan.kz

Өз бағдарламасын мүлтіксіз орындаған белорусь фристайлері Антон Кушнир бас бәйгені еншіледі. Ол австралиялық Дэвид Морристың алдын орап кетті. Үшінші орын қытайлық Цзя Цзюнянға бұйырды. Осы күні Беларусь қоржыны тағы бір алтынмен толықты. Биатлоншы Дарья Домрачева 12,5 шақырымдық масс-стартта топ жарып, өз еліне 5-ші алтын сыйлады. Естеріңізге сала кетсек Домрачева осымен  Сочидің үш дүркін чемпионы атанды.

 

Сочиде конькимен шапшаң жүгіру, шорт-трек, шаңғы қоссайысы, фристайл, тау шаңғысы және биатлоннан олимпиадалық ойындардың жүлделері сарапқа салынуда. Ауа-райының  қолайсыздығына байланысты сейсенбіге шегерілген биатлоннан ерлер арасындағы масс-старттың нәтижесі белгілі. Біздің  жігіттер бұл жарыста да жарытқан жоқ.

Биатлонды айтпағанда қазақстандық спортшылар бүгінгі бағдарламада тек шорт-трек пен конькимен жүгіруден ғана  өнер көрсетеді. Шорт-тректің шеберлері  Айдар Бекжанов пен Нұрберген Жұмағазиев және Инна Симонова  500 метрлік дистанция бойынша іріктеу сынақтарына қатысуда. Коньки тебуден  10 000 метрлік қашықтықта жүгіретін стайерлер додасында  Дмитрий Бабенконың жолына қарайтын боламыз. Жерлесіміз жарыс жолына   германиялық Патрик Беккертпен бірге шығады.  Жалпы бүгінгі жарыстардың нәтижесінде  жеті медальдар жиынтығы өз иелерін табады.

 


“КТК” арнасында үлкен футбол! Бүгін Чемпиондар Лигасының 1/8 финалы аясында “Манчестер Сити” өз алаңында “Барселонаны” қабылдайды.

Англия чемпионатында биыл сәтті өнер көрсетіп жатқан Мануэль Пеллгрини шәкірттері әзірге 3-ші орында. Көпшілік бұл жұпты финалға бергісіз деп отыр. Қос команда да қазір бабында. Тек манчестерліктер сапында Серхио Агуэро мен Джеймс Милнер жасыл алаңға шыға алмайды. Десе де мамандар англиялықтарды фаворит қатарына жатқызып отыр. “Манчестер Сити” мен “Барселона” арасындағы матчты сіздер біздің арнадан түңгі сағат 01:45 те тікелей эфирден көре аласыздар.