Классика мен рок үйлесім тапқан ерекше концерт - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Классика мен рок үйлесім тапқан ерекше концерт

Классика мен рок үйлесім тапқан ерекше концерт

Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында «Қазақстан Камератасы» мемлекеттік оркестрінің бұрын-соңды болмаған ерекше концерті өтеді.

  • 19 Ақпан 2014
  • 205
Фото - Caravan.kz

Қайталанбас орындаушылық мәнерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүрген ұжымның репертуары жаңарған. Бұл жолы Питер Брайнердің камералық оркестрге арнап өңдеген әйгілі Битлз тобының әндерінің концерті өтеді. Музыкадағы жаңа бағытты Қазақстанға отандық классика майталманы Гаухар Мырзабекова әкелген. Классика мен роктың араласуын ертең кешкі сағат 19.30 Абай атындағы опера және балет театрынан тамашалай аласыздар.


Мұса Керімбаев, «Қазақстан Камератасы» оркестрінің орындаушысы:

– Көпке танымал, әркімнің жүрегінен орын алған әндерді халыққа одан бетер жаңаша бағытпен, жаңаша шабытпен ұсынамыз деп ойлаймын. Ертеңгі болатын концертке келіңіздер, көріңіздер. Сіздердің көңілдеріңізден шығамыз.