Инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандардың ісі сотқа жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандардың ісі сотқа жетті

Инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасағандардың ісі сотқа жетті

Айыпталушы орындығында үш адам. Алматыдағы «TravelExpress» туристік компаниясының қызметкерлеріне оқ атқан екі қаскөй мен оларға қару-жарақ тауып берген сыбайластары. 

  • 19 Ақпан 2014
  • 210
Фото - Caravan.kz


Бірақ ешқайсы қылмысын толық мойындап отырған жоқ. Айтуларынша, күзетшілерді тек қорқытып, ақшаны қолды қылмақ болған. Қарсылыққа тап болып, іс насырға шапқасын қару қолдандық деп отыр. Ал олардың сыбайласы қылмысқа қажетті тапаншаларды беріп, кейін дәйектерді өз үйінде ұстаған. Қарақшылық шабуыл былтыр қыркүйекте жасалған-ды. Қаскөйлер туристік компаниядан ақша алып шыққан күзетшілерге оқ жаудырып, біреуі сол жерде жан тапсырған. Бірақ 14 млн теңгені үптеп үлгермей, із суытқан болатын.