Алатау бөктеріндегі жерді гектарлап, ең қымбат аудандардағы пәтерлерді жүздеп сатқан Храпунов сондай-ақ Түркістан және Алматы облысының да құрметті азаматы екен. Дегенмен ол атағы әзірге сақтаулы. Оңтүстік астананы бірнеше жыл басқарған ұры-әкімнің қыруар қаржыны қалтаға басып, бала-шағасымен қазір Швейцарияда тұрып жатқанын айта кетейік. Жалпы Храпунов пен оның жұбайы Ләйләға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалған. Тек біздің құқық қорғау орындары әдеттегідей қимылдап болғанша, шенеунік шетел асып үлгерген болатын.