Азиадаға бөлінген қаржыны қымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азиадаға бөлінген қаржыны қымқырған

Азиадаға бөлінген қаржыны қымқырған

Азиада ақшасына ауыз салған. Бұл жолы қысқы ойындардың трансляциясына жауапты болған шенеунік істі болып жатыр. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Айдар Мусин Алматыдағы трамплин кешенінің телекоммуникациясына бөлінген қаржыны қалтасына басқан.

  • 19 Ақпан 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz


Құрал-жабдық құнын, құлқыны кең шенді қағаз жүзінде көтеріп, 600 млн теңгені туысының атындағы жеке компанияның шотына аударыпты. Кейін жеке серіктестік спорт кешенін жабдықтауға қатысты тендерді жеңіп алған екен. Сөйтіп, компанияға 1 млрд 400 млн теңге аударылған. Мусин сол қаржының 600 млн-ын ақшалай аударып алып, қалтасына басқан. Шенді сот санкциясымен қамауға алынып, 4 күннен бері тергеу изоляторында жатыр. VII қысқы Азияда ойындарына қатысты алғашқы былық емес.  Былтыр Азиаданың Алматы дирекциясын басқарған Сұлтанбек Сыздықов эстрада жұлдыздарының концертіне бөлінген 23 млн теңгені жеп ұсталған болатын.