Бірнеше банк салымшылары ақшаларын талап етіп айқайға басты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бірнеше банк салымшылары ақшаларын талап етіп айқайға басты

Бірнеше банк салымшылары ақшаларын талап етіп айқайға басты

Жұрттың бұлай аяқасты дүрлігуіне смс-хабарлама себеп болған. Әлдебіреулер таңнан бері 3  бірдей банк «банкрот болады» деп  ақпарат таратыпты. Үрейленген тұрғындар бірден банктегі депозиттерін алуға асыққан. Бір мезетте касса алдына топырлаған мыңдаған адам жаға жыртысуға дейін барды. Ал банк басшылығы салымшыларын сабырға шақырып әлек. Жалған ақпарат таратқандарды ұстап бергендерге 100 млн теңге сыйақы тағайындалды

  • 19 Ақпан 2014
  • 359
Фото - Caravan.kz

Банк ішінде бүгін бұрын-соңды болмаған дүрбелең. "Kaspi " "Альянс " және "ЦентрКредит" банктерінің жабылатыны туралы смс-хабарлама алған жұртта таңнан бері маза жоқ. Ақшасын тезірек алу үшін бірін-бірі таптап кетуге дейін бар. Кезексіз, қолы бірінші жеткені қағазын толтырып жатыр. Жиған-терген азын-аулық қаржысы үшін үрейленген тұрғындар тіпті, үстел үстіне шығып алып, жанжалға басқан.

— «Kaspi Bank, бланкі қайда? Ақша қайда? Клиенттеріңді неге сыйламайсыңдар?

Әлдекімдердің таратқан дабылы бас қалаға да жетіпті. Салымшылар түгел Астанадағы «Каспи банк» бөлімшелеріне ағылып, жинаған ақшаларын тиынына дейін санап бермесе, тарқағалы тұрған жоқ.Сабылған жұртты сабырға шақыруға банк басшылығының өзі асықты. СМС-хабарламаларды дұшпандарының  «сандырағы» деп сендірді.      

Михаил Ломтадзе, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы:


 — Өтірік оның бәрі. Смс-ке де, сенбеңіздер. Банк жабылмайды.

Бірақ халық бұған сене қойған жоқ. Өйткені, «тақырға отырмадым» дегенмен, банк таңертеңнен бері бір тиын да төлемепті. Оны басшылық инкассаторлардың баяу жүрісімен түсіндірді. Бүгін ертең қаржыны қайтарамын деген банкир ақыры ашуланып тынды.          

— Менеджер назар аударыңдар маған! Өтініштердің барлығын қабылдап, клиенттердің айтқанын орындаңдар. Халықтың қобалжуына түсіністікпен қараңдар. Ал смс таратқан сұмырайларды өзім тауып жазасын беремін.

-Банк басшылығының «жабылмаймыз» деген уәдесінен кейін бөлімшедегі қаптаған халық тынышталып тарай бастады. Ал осындай дүрбелең тудырған адамға полиция  қазір іздеу салған. Каспи банк басшылығы оны тауып берген кісіге 100 млн теңге сыйақы тағайындап та қойды.