Алматы облысында қазақтың тазы тұқымды иттерінің тұңғыш фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында қазақтың тазы тұқымды иттерінің тұңғыш фестивалі өтті

Алматы облысында қазақтың тазы тұқымды иттерінің тұңғыш фестивалі өтті

Алматы облысында алғаш рет қазақтың тазы тұқымдас иттерінің фестивалі өтті. Шараға 30-дан астам ит қатыстырылды. Тазы ұстаушылардың ұлттық клубының төрағасы Константин Плаховтың айтуынша, бұл жануарлардың жоғалып кету қаупі бар. Сондықтан олар мемлекеттің қорғауын қажетсінеді, деп жазады «Экспресс К» газет

  • 19 Ақпан 2014
  • 420
Фото - Caravan.kz

«Тазы тұқымды иттер елімізде жекелеген клубтардың арқасында ғана сақталып қалып тұр. Ал ол біздің үнемі жарнамалап жүруіміз тиіс брендіміз емес пе? 2012 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне бірнеше рет жасаған өтінішімізден соң тазы тұқымына ресми мәртебе берілген болатын, бірақ мемлекет бұл жұмыстарды реттеуді қолға ала қойған жоқ, қаражат та бөлінбейді. Қазіргі кезде елімізде тазы тұқымдас мыңнан астам ит бар, бірақ  халықаралық стандарттарға сай келетін таза тұқымы 300-ден аспайды», — дейді К.Плахов.


Сайыс барысында Жүрсін Бұрқалиевтың Қарақат есімді иті мен Батруддин Исмаиловтың Пелен есімді «төрт аяқты досы» ең үздік деп танылды. Өкінішке қарай, бәсекедегі жарыстарда барлық иттерін өздерінің алғырлығын көрсете алмады.