Әкімнің сөзіне қарағанда, қалада оқушылар орындарының тапшылығы 23 мыңға жетті.
«Қалада үш ауысымдағы білім беру — жаңа құбылыс. Екі жыл бұрын осындай жағдай болмаған еді. 2012 жылдан бергі көші-қонның жоғары деңгейінен, яғни қалаға жыл сайын мектеп жасындағы 5 мыңнан астам бала келген кезде, қалалық 5 мектеп үш ауысымдағы тәртіпке көшуге мәжбүр болды», — деді қала басшысы.
Осы мәселені шешу үшін 2013 жылы 4 мектеп тапсырылса, биыл тағы 9 мектеп пайдалануға берілмек. Алайда, бұл нысандарды тапсырғанымен де қалада үш ауысымдық жағдай сақталады. Сондықтан бұл мәселе 2015 жылы шешіледі деп күтілуде, өйткені, алдағы жылы 9 жаңа мектеп есіктерін ашатын болады.