Ақша үшін прокурорды өлтірген қаскөй сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақша үшін прокурорды өлтірген қаскөй сотталды

Ақша үшін прокурорды өлтірген қаскөй сотталды

Таразда прокурордың көмекшісін айуандықпен өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды. Қанды қылмыс былтыр қазан айында болған. Басына екі мәрте оқ тиіп, 17 жерінен пышақталған Ерлан Ноғайбековтың өлі денесі өз үйінен табылған-ды.  

  • 20 Ақпан 2014
  • 188
Фото - Caravan.kz


Марқұмның жақын танысы Тимур Әлібеков күдікті ретінде ұсталған. Тергеу деректеріне қарағанда, 28 жастағы прокурор Тимурдың атынан депозиттік шот ашқызып, 20 мың доллар салыпты. Бірақ, сеніп тапсырған адамы ақшаны жаратып жіберіп, қайтаруға құлықсыздық танытқан. Ал, қаржыны мүлдем бермеудің амалын ойлаған қаскөй, Ноғайбековтың үйіне келіп осындай айуандыққа барған. Енді ол 19 жылын темір торда өткізетін болады.