Маңызды құжаттың қалай әзірленіп жатқанын бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов таныстырды. Бұрынғы министр, экс-әкім енді жұмысшылардың мүддесін қорғап жүрген Құсайынов Ақордаға тыңғылықты әзірленіп келген екен. Сол еңбегін ескерсе керек, Елбасы сынға алмай, қайта қолға алған бастамаларын сұрастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Негізгі мәселе кәсіподақтардың жұмыс берушілермен жұмыскерлердің арасындағы пайда болатын неше түрлі жағдайларды шешу. Ол үшін әрбір мекеменің әрбір өндірістің ішінде болатын кәсіподақтар жұмыскерлерге де, жақын болуы керек. Жұмыс бергіштерге де жақын болуы керек. Осы жағынан не өзгерді?
Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы:
-Қазіргі уақытта жаңа заңды қабылдайын деп жатырмыз. Өзіңіздің тапсырмаңыз бойынша. Ол заң қазір Мәжілісте. Оның ішінде әлеуметтік диалог жағынан, өте көп өзгерістер бар.