«Банкротқа ұшырайды» деген банктердегі дүрбелең әлі басылған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 «Банкротқа ұшырайды» деген банктердегі дүрбелең әлі басылған жоқ

«Банкротқа ұшырайды» деген банктердегі дүрбелең әлі басылған жоқ

Салымшылар екінші күн қатарынан банктер «банкротқа ұшырайды» деген жалған ақпаратқа сеніп банктердің алдын торуылдап жүр. Қаржы  институттарының ғимараты алдында жүздеген адам жиналған. Тұрғындардың бұлай дүрлігуіне бәймәлім біреулер таратқан сыбыс себеп болған-ды. Ал, бүгін банк басшылары салымшыларын сабырға шақырды. Мәселен, kaspi bank басшылығы депозиттегі ақша қалауыңыз бойынша қайтарылады, тек дүрмекке ермей алдын-ала өтініш жазсаңыз  «жеткілікті» деп отыр.

  • 20 Ақпан 2014
  • 442
Фото - Caravan.kz

-Қалтафондағы хабарламалардың кесірінен қара бастарына қара бұлт үйірілген қаржы ұйымдарының алдында міне екінші тәулік осындай ұзын-сонар кезек. Ғимараттың ішіне симаған жандар сыртта сағаттап кезектерін күтуге мәжбүр. Кейбірі бұл жерлерге банк бөлімшелері ашылмай тұрып жеткен. Барлығы банктердегі қаржыларын түгелдей алғысы келеді, баршасының өзіндік себебі бар.

Таңнан бері қауесетке сеніп, салымын алуды ойлаған жұртпен біз де кездесіп қайттық. Бірақ қаржымызды қайтаруға «кесірі тиіп кете ме?» деп жүздерін жауып тілдескенді жөн көреді тілшілермен.

-Менде кішкентай ақша бар, алуым керек, әрине. Мына адамдардың барлығы сенбей жатыр ғой. Үш күннен кейін банкрот болады дейді.

Жалған ақпарателіміздің басты қалаларын былай қойғанда өңірлерге де тарапты. Мәселен, Семейде жұрт таң атысымен жаппай депозиттерін алуға келді. Ғимарат ішінен бір қадам шегінбейміз, деген елді сабырға шақыруға Ұлттық банк өкілдері жеткен. Белгілі болғандай, ақшаның бірден берілмеуіне инкассаторлардың жайбасарлығы себеп болыпты. Бірақ түс ауа түйіннің түйткілі тарқады. Kaspi bank басшылығы елді дүрбелеңге ермеуге үндеді. Банктегі жағдай тұрақты, жабылғалы жатқан «ешкім жоқ» деп отыр. Ақшасын қайтарғысы келген салымшы алдын-ала өтініш қалдырса, тиынына дейін санап беруге дайын. Ал арандатушылардың сазайын тарттырмақ.


Михаил Ломтадзе, «Kaspi Bank» АҚ Басқарма төрағасы:

-Біз жалған хабарлама таратқан жандар туралы ақпарат берген адамға 100 миллион теңге сыйақы тағайындадық. Қазір өте көп дереккөздері хабарласуда, құқық қорғау орындары да іздеуде. Біз түбінде оларды заң бойынша жазаға тартамыз. Салымшыларымыздың осы хабарламалардың кесірінен екіұдай күйге түскені бізді қатты алаңдатады.

ҚауесетҰлттық банк басшысын да алаңдатты. Қайрат Келімбетов түс ауа тілшілердің алдына келді. Біздің банктер талай қияметті еңсерген, бұл жолы да тірліктері тындырымды болады деді. Және ешбір салымшының қаржысы жапа шекпейтінін айтты.

Қайрат Келімбетов, Ұлттық банк төрағасы:

-Өкінішке орай ел жалған хабарламаларға сеніп жоқ жерден қатер тудыруда. Мұны да дұрыс түсіну керек, салымшылар өз қаражаттарының қауіпсіздігіне көз жеткізгілері келеді. Бүгін біз шуға іліккен үш банкпен де тілдестік. Олардың барлығы да салымшылар таратылған ақпараттардың жалған екеніне көз жеткізгенін  айтты.

Қазір қапыда қапылып естен тана жаздаған қаржы ұйымдары етек-жеңдерін жинады. Жұрттың жалған ақпараттарға сенгені де белгілі болды.