«Қазпошта» қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазпошта» қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға өседі

«Қазпошта» қызметкерлерінің жалақысы 10 пайызға өседі

«Қазпошта» АҚ қызметкерлерінің жалақы мөлшері сәуір айында 10 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін компанияның есеп беру кездесуінде акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Асхат Бейсенбаев мәлім етті.

  • 20 Ақпан 2014
  • 442
Фото - Caravan.kz

«ҚР Президенті Н.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өндірістегі қызметкерлердің жалақыларын 10 пайызға өсіру жөнінде тапсырма берген еді. Осы өзгертулерді енгізу үшін бізге қаржылық нәтижелерді ескере отырып, компания бюджетін, стратегиялық жоспарын өзгерту керек болады. Өздеріңіз білетіндей, 1 қаңтардан бастап компанияда жалақы көлемі 7 пайызға арттырылды. Оған қосымша 1 сәуірден бастап, тағы 10 пайызға жоғарылатуды көздеп отырмыз. Осыған орай, 15 наурызда мекеменің ішкі құжаттары қайта қаралады», — деді А.Бейсенбаев.

Басқарма төрағасының айтуынша, компания өткен жылды өте сәтті өткізді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, жалпы табыс көлемі 14 пайызға өсіп, 30,8 млрд. теңгені құраған.


Айта кетейік, «Қазпошта» компаниясында 22 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді.