Алматыда инсульттың алдын-алатын операция жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Алматыда инсульттың алдын-алатын операция жасалды

Алматыда инсульттың алдын-алатын операция жасалды

Алматылық дәрігерлер Израильдік әріптестерімен бірге бұрын-соңды болмаған «watchman» отасын жаңа технология арқылы жүзеге асырды. Ағылшын тілінен аударғанда «қорғаушы» деген мағына білдіреді екен.

  • 21 Ақпан 2014
  • 217
Фото - Caravan.kz

Науқастың жүрегіне алдын-ала әзірленген ұлпа енгізіліп, инсульттың алдын алады. Яғни, қан айналымындағы сүзгінің қызметін атқарады деуге әбден болады. Жүрекке ұлпаны катетер әдісімен енгізу Президент Іс басқармасы Медициналық орталығында алғаш рет. Игі бастамаға аурухана басшылығы мұрындық болып, бүгін Израильдің үш бірдей кәсіби маманын шақыртыпты. Тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабағын өткізіп жатқанын да айта кетейік.


Валерий Бенберин, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы:

-Жаңа инновациялық әдіс біздің ауруханада тұңғыш рет өткізілді. Тәжірибе алмасып жатқан израилдық дәрігерлер ертең соңғы операцияларын жасайды. Отандық дәрігерлеріміз енді науқастарға өздігімен, емін-еркін көмек бере алады.