Оқиға таңғы сағат тоғыз шамасында болған. Ғимараттың сол бөлігінде орналасқан дүкеннің едені аяқ асты опырылып түсіпті. Кейін іле-шала жатақханада жарықшақтар пайда болған.
Динара Боранбаева, жатақхана тұрғыны:
-Мен кеше ғана айтып жатқанмын жолдасыма, мынау үй "құлайды" сықырлап тұр деп. Тұрып жатқандардың көбісі бала шағасымен бөлмені жалдап тұрады. Менің сандырағым айдай келді міне.
1982 жылы тұрғызылған жатақханада 200 отбасы тұратын. Төменгі қабаттарында дүкендер мен басқа да бизнес нысандары орын тепкен. Енді едені опырылған дүкеннің иесі күні бойы тауарын тасып, әлекке түсіп жатыр.
-Білмеймін қайда барамын қазір.
-Бала шағаңыз бар ма?
-Әйелім бар,
-Не істейсіздер
-Білмеймін не істейтінімді.
Ғимаратқа ешқашан жөндеу жүргізілмепті. Пәтер иелері коооперативі биыл әр бөлмеден 8 мың теңгеден жинап алып, оны подьездерді әрлеуге ғана жұмсаған екен. Ал талай жылдан бері жертөлеге жиналған су төменгі қабаттағы плиталарды үгітіп жіберген.
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
-Бірінші қабат пен жертөлені бөліп тұрған 4 плита құлады. Оқиға орнына дереу біздің мамандар келіп, тұрғындарды сыртқа шығару керек деген шешімге келдік. Жұрттың көбі бұл кезде жұмыста болғандықтан, 54 адам сыртқа шығарылды.
Таңғы сағат тоғыздан бері далада жүргендерге төтенше жағдай қызметкерлері қол ұшын беріпті.
Еркін Жұматаев, СҚО ТЖД бөлім бастығы:
-Тізімін жасап жатырмыз. Далала кісілер қатпау үшін екі машина тұр. Бір автобус және бір Кунг. Жылынып отырсын деп бала- шағаларымен қатпай далада. Бір сағаттың ішінде халықты қайда орналастыратынымызды шешеміз.
Бетон плиталардың нақты неден опырылғанын арнайы комиссия анықтамақ. Олар жатақханада енді тұруға бола ма, жоқ па сол мәселені де шешіп беруі тиіс. Бұл шараның бірнеше айға созылатыны анық. Ал үйлерінен жылы киім мен құжаттарын ғана алып шыққан қараша бүгін қайда түнерін білмей отыр. Қала әкімінің де олардың бұл түйткілін шешіп берер қауқары жоқ екен.
— Ештеңе айта алмаймын.