Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның ресми өкілі:
-Олардың арасында, мысалы алматылық заң компанияларының бірінің қызметкерлері мен банк заңгері бар. Олардан жауап алынды.
Күдіктілердің саны тағы артуы мүмкін. Өйткені, іздестіру шарасы әлі жалғасып жатыр. Айыптары дәлелденсе, «Каспи» «Альянс» пен «Центркредит» банктерінің шығыны солардың мойнына ілінуі әбден мүмкін. Өйткені Каспи банктің өзінен салымшылар 3 күннің ішінде 40 миллиард теңгесін алып кеткен. Тұрғындар әлі ағылып келіп жатыр. Ал «Смс-терроршыларды» тауып бергендерге 100 млн теңге «береміз» деген мәліметтен соң банкке мыңнан астам адам қоңырау шалған. Бірақ мардымды ештеңе айта алмапты. Банк басшылығы, сыйақы құқық қорғау органдарына берілмейтінін қадап айтты. Осы дүрбелеңнен соң Бас прокуратура жалған СМС-хабарлама таратушыларды қылмыстық жазаға тартпақ. Сөйтіп қолданыстағы заңға шұғыл өзгеріс енгізбекші.