Оңтүстік Қазақстан облысында 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілген

Оңтүстік Қазақстан облысында 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілген

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Көксарай ауылдық округінде 1,5 тонна күкірт қышқылы құйылған автоцистерна аударылып қалды.

  • 21 Ақпан 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz


ТЖ министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат өткен бейсенбі күні болған. Қауіпті жүк тиелген көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған көрінеді.

Салдарынан 1,5 тонна күкірт қышқылы төгілген. «Заречное» ЖАҚ-на тиесілі цистерна базаға жеткізілді. Қышқыл төгілген жерге топырақ төселді. Адам шығыны жоқ, делінген хабарламада.