БҚО көпсалалы балалар ауруханасына тыныс алу аппараты табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҚО көпсалалы балалар ауруханасына тыныс алу аппараты табыс етілді

БҚО көпсалалы балалар ауруханасына тыныс алу аппараты табыс етілді

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасының жансақтау және жедел терапия бөлімшесіне жаңа СИПАП тыныс алу аппараты табыс етілд

  • 21 Ақпан 2014
  • 684
Фото - Caravan.kz

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, бұл шара — «Өмірге тыныс берейік» атты жобаның бір бөлігі. «АЯЛА» қайырымдылық қоры тарту еткен бұл аппарат шала туылған балалардың өмірін сақтап қалуға, жетілмеген өкпесін ширатуға көмектеседі. Аурухана директоры Арман Қалыбековтің айтуынша, өңірдегі перинаталдық орталықтарда бастау алған «Тыныс ал, балақай» жобасының жалғасын табуы қуантады.


«АЯЛА» қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсеновтің сөзіне қарағанда, көлемді қаржыны қажет ететін бұл ірі жобаны жүзеге асырудағы мақсат — дәрігерлердің, әсіресе, балалар өмірін сақтауда жоғары білікті қызмет көрсетуіне көмектесу.