«Эйр Астана» Киев бағытындағы бірқатар рейстерді алып тастамақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Эйр Астана» Киев бағытындағы бірқатар рейстерді алып тастамақ

«Эйр Астана» Киев бағытындағы бірқатар рейстерді алып тастамақ

Қазақстанның «Эйр Астана» әуе компаниясы Астанадан және Алматыдан Киевке ұшатын бірқатар рейстерді алып тастауды жоспарлауда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызмет

  • 21 Ақпан 2014
  • 561
Фото - Caravan.kz


«Жүктеменің төмендеп кетуіне орай наурыз айында Астанадан және Алматыдан Киевке ұшырылатын бірқатар рейстер алынып тасталады», — деп жазылған ресми сауалымызға берген жауабында.

Сонымен қатар баспасөз қызметінің хабарлауынша, әуе компаниясы Киевтегі жағдайға және Борисполь әуежайына күнделікті бақылау жасап отырады.

Еске сала кетейік, кеше «РБК daily» басылымы ресейлік әуе компаниялар Украинадағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіріп отырғандығын жазған болатын. Атап айтқанда,  S7 Airlines әуе компаниясы украиндық агенттерге Одесса, Киев және Симферополь әуежайларынан өзге, барлық бағыттарда билеттерді сатуға тыйым салған. Осылайша олар гривна бағамының төмендеуінен орын алуы ықтимал қаржылық тәуекелдерден сақтанып отыр.