Назарбаев: Қазақстанда бірде бір банк банкротқа ұшырамайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев: Қазақстанда бірде бір банк банкротқа ұшырамайды

Назарбаев: Қазақстанда бірде бір банк банкротқа ұшырамайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан коммерциялық банктердің банкротқа ұшыаруына жол бермейтінін мәлімдед

  • 21 Ақпан 2014
  • 588
Фото - Caravan.kz

«Біздің экономикамыз қауқарлы, қорқарлықтай ештеңе болған жоқ. Бүгінгі таңда да елімізде бірде бір банк банкротқа ұшырамайды. Біз 2009 жылы БТА және өзге банктердің де мұндай жағдайдан қорғап қалдық, өйткені онда азаматтарымыздың жинағы болды. Қазір де оған жол бермейміз», — деп Н.Назарбаев кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржы секторын оңалту мәселелері жөніндегі кеңесте атап көрсетті.

Н.Назарбаевтың сөзін оның баспасөз қызметі келтірді.


«Біз халықтың көпшілігінің салымының сақталуына кепілдік береміз. Ал банктер төңірегінде дүрбелең туғызғандар табылды, олар жауапқа тартылады. Біз елімізде тыныштық пен тұрақтылықты қалаймыз, бұл барлық қазақстандықтардың міндеті. Біз жоспарлағанымыздың бәрін әрқашан орындап келеміз», — деп атап өтті Н.Назарбаев.