Атырауда жұмысшылар наразылық білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жұмысшылар наразылық білдірді

Атырауда жұмысшылар наразылық білдірді

Атырауда кәріз қалдықтарын шығарумен айналысатындар наразылық білдірді. Айтуларынша, жыл басынан бері әкімдік 94 кәсіпкерге қала сыртынан арнайы жер бөліп, нәжісті сонда төгуді бұйырған. Бірақ жолдың жоқтығынан жаңа полигонға жете алмай, жүргізушілер амалсыздан қалдықтарды тоқтаған жеріне төгіп кетіп жатыр.

  • 22 Ақпан 2014
  • 521
Фото - Caravan.kz

Мынау дұрыс емес, екінші сортты халықпыз ба?  «Бәрібір» деп үстімізге құйып жатқан шығар. Біз де салық төлейтін Қазақстан азаматымыз….

Бұрын мұндай су қала ішінде орналасқан арнайы құдыққа төгілетін. Бірақ иістен запы болдық деп шаршаған тұрғындар жан-жаққа арыз жазып, ақыры оны сот шешімімен жауып тастаған. Кейін қалаға жақын орналасқанСарыөзек ауылының маңынан арнайы орын бөлініпті. Тек сол жерге жету жүргізушілерге мұң болып тұр. Себебі, жол жоқ.


Ержан Ыбыраев, көлік жүргізушісі:

-Лас сумен келіп тұрмын, төгетін жерге жете алмай тұрмын. Қаңтардың 15-де көшірді бізді. Көшіргенде жол жоқ. Жер қатқақ болды, біз жүрдік. Ал қазір езіліп, жер еріп жатыр, тоң түсіп жатыр, жүруге мүмкін емес.