Туған қызын зорлап жүкті қылған азғын әке сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Туған қызын зорлап жүкті қылған азғын әке сотталды

Туған қызын зорлап жүкті қылған азғын әке сотталды

Оңтүстік Қазақстанда 12 жасар қызын зорлап, жүкті қылған әкеге қатысты сот үкімі шықты. Арақ ішіп, үлкен қызының етегін түрген азғын енді 16 жылын темір торда өткізуі тиіс. Жұрттың жағасын ұстатқан қылмысқа қатысты сот процесінің өзі жабық өтті.

  • 22 Ақпан 2014
  • 769
Фото - Caravan.kz


39 жастағы әкесі туған қызын бір жыл бойы зорлап келген. Жеткіншектің жүкті болып қалғаны тек 6 айдан соң анықталыпты. Қылмысы өлі туған шақалақты сараптамадан өткізгенде ғана әшкере болған. 16 жылға түрмеге түскен азғын әкенің артында 6 бүлдіршінмен 7-сіне жүкті әйелі қалды. Жантүршігерлік  іске барған жауыз енді жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейді.