Ресейлік актер Алексей Панин көрермендер алдында мас болып, шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік актер Алексей Панин көрермендер алдында мас болып, шу шығарды

Ресейлік актер Алексей Панин көрермендер алдында мас болып, шу шығарды

Асын ішіп, аяғын тепті. Көкшетауға спектакль қоюға шақыртылған ресейлік актер қазақтардың дымын қоймай балағаттап кетті. Сахнаға әдетінше удай мас болып шыққан Андрей Панин қазақтарды малға теңеп, көрермендерге ауызына келгенін айтқан.     

  • 22 Ақпан 2014
  • 591
Фото - Caravan.kz


Бұл ресей актері Алексей Паниннің сахна сыртындағы айғайы. Маңындағыларды боқтап, күллі қазаққа тіл тигізіп, кісімсініп тұр. Спектакльдің алғашқы бөлімін тамашалағандар оның екінші жартысын күтіп отырған. Осы кезде өлердей мас болып, аяғын әрең басқан Панин сахнаға шығып кетіп, барлығын боқтай жөнеліпті. Билетке 2 жарым мың теңге төлеп, ресейліктердің өнерін тамашалауға келгендер осыдан соң өре түрегеліп, залдан шығып кеткен. Облыстық театр олардың барлығына билет ақысын қайтаруға мәжбүр болды. Ал ақшасын санап алған Панин аузына келгенін айтып, сол күйі ізін суытқан.