Денис Ким, Украинадағы Қазақстан Республикасының консулы:
— Тәртіпсіздіктер барысында зардап шеккен Қазақстан азаматтары жайлы ақпарат жоқ. Бізге хабарласып не істеуіміз керек деп сұрап жатыр. Барлығына айтарымыз үйден шықпай, адамдар көп шоғырланған жерлерде жүрмегені абзал. Уақытша Қазақстанға оралуы ең дұрыс шешім.
Ал Киевте түні бойы келіссөз жүргізген билік пен оппозиция бір мәмілеге келетін сыңайлы. Алдын-ала келісім бойынша президент сайлауы жыл соңына белгіленбек. Бүгін сондай-ақ Рада ереуілшілерге қарсы қару қолдануға тыйым салатын қарарды қабылдады. Бірақ бұл Киев көшелеріндегі атысты тоқтатар емес. Кешегі түн майданда біршама тыныш өткенімен, қаза тапқандар күн санап артуда. Қазірдің өзінде 80-ге таяған. Жараланғандар мыңнан асып кетті. Ал Беркут пен милиция тікелей президентке бағынатын болғандықтан олар Раданың емес, президент Виктор Януковичтің бұйрығын күтуде. 12 аймақтың губернаторлары болса қантөгіске билік партиясы кінәлап, шетінен Аймақтар партиясының қатарынан шығып жатыр. Алғашқылардың бірі болып мәлімдеме жасаған Киев мэрі.
Владимир Макеенко, Киев қаласының мэрі:
-Ешқандай билік адам өмірімен теңеспейді. Бірде-бір олигарх көз жұмбады, бірде-бір саясаткер өлмеді. Мен Киев басшысы ретінде ондаған қарапайым адамды жерлеп үлгердім. Партиядан шығып, қаланы өз қарамағыма аламын. Әрбір Киев тұрғыны үшін енді мен жауап беремін.