Облыстық сот айыпталушының қорғаушыларының істі өзге құраммен, республиканың өзге өңіріндегі сотта қарау өтінішін қабылдамады.
Р. Бейлғожиннің сөзіне қарағанда, бұл іс бойынша Павлодар облыстық сотының шешімі жақын арада ҚР Жоғарғы сотының сайтында жарияланады.
Айыпталушының жанұясы соттың әділ шешім қабылдайтынына сенбегендіктен, сот құрамына қарсылық білдірген еді. Олар кей жерде айыпталушының құқығы бұзылды деп есептейді, деді айыпталушының қорғаушысы «ҚазАқпарат» тілшісіне.
Евгеньев селосындағы оқушы қыздың өлімі қоғамды дүрліктірді. Мектептен үйіне қайтқан Настя Шарипова өткен жылы қазан айының соңына қарай түс кезінде жоғалып кеткен. Ол 2 аптадан кейін табылды. Қызды біреу зорлап, қылқындырып өлтірген. Полиция қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы көршісін құрықтаған болатын.
Ұсталған кезде кінәсін мойындаған күдікті, кейін бұл сөздерінен бас тартқан. Ол өзін кінәлі деп санамайды.