Францияның Ницца қаласында футболдан 2016-шы жылғы Еуропа чемпионатының жеребе тарту рәсімі болып өтті. Соқыр жеребе нәтижесі бойынша еліміздің ұлттық құрамасы А-тобына түсті.Біздің қарсыластарымыз Голландия, Түркия, Исландия, Латвия және Чехия. Әр топтан жоғары нәтиже көрсеткен қос команда Еуропа чемпионатына бірден жолдама алса, үшінші орын алған үздік команда да құрлықтық бәсеке қатысады. Естеріңізге сала кетсек 2016-шы жылғы Еуропа чемпионатына бұрынғыдай 16 емес, 24 команда өнер көрсетеді. Жақында ұлттық құрама тізгінін ұстаған Юрий Красножан шәкірттері енді Голландия, Түркия, Чехия сынды кәрі құрлықтың азулы командаларына қарсы тұрмақ.
“Реал” Испания чемпионатында көш бастады. Соңғы турға дейін бірдей 60 ұпай жинаған “Атлетико” мен “Барселона” ірі есеппен жеңіліп, корольдік клубты 3 ұпайға ұзатып алды.
25-ші айналымда мадридттық “Атлетиконы” қабылдаған “Осасуна” өз жанкүйерлері алдында нағыз ерлік жасады. Қонақтарды алғашқы минуттан қыспаққа алған алаң қожайындары 6-шы минутта Альваро Сехудоның көмегімен есеп ашты. Көп ұзамай “Атлетико” қорғанысы тағы сыр берді. Бұл жолы Эмильяно Арментерос айып алаң сыртынан Тибо Куртуа қақпасының кілтін тапты. Үзіліске дейін “Осасуна” футболшылары кезекті нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Әуелеп жеткен допты қақпада тулатқан Роберто Торрес. Қорттынды есеп 3:0 “Осасунаның” пайдасында.